ЕСКЕРТУ! Өңірлік парк аумағында орман пайдаланатын барлық жеке және заңды тұлғаларға 2026 жылғы 15 мамырға дейін орман билеттерін рәсімдеу қажет!
«Меркі мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – өңірлік парк) орманды жанама пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының орман заңнамасына сәйкес, орман ресурстарын пайдалану тек орман билеті негізінде жүзеге асырылатынын хабарлайды. 📌Осыған байланысты, өңірлік парк аумағында орман пайдаланатын барлық жеке және заңды тұлғаларға 2026 жылғы 15 мамырға дейін орман билеттерін рәсімдеу қажеттігі ескертіледі. Белгіленген мерзімге дейін орман билетін алмаған жағдайда, орман ресурстарын пайдалану заңсыз деп танылып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қолданылатын болады. 🔺Осыған орай, барлық орман пайдаланушылардан құжаттарын уақытылы дайындап, белгіленген мерзімге дейін орман билеттерін рәсімдеулеріңізді сұраймыз. 📌Қосымша ақпарат алу үшін парк әкімшілігіне жүгінуге болады

!