Орман билеттері бойынша ХАБАРЛАНДЫРУ!
Меркі мемлекеттік өңірлік табиғи паркінде жақын уақытта «АО НИТ» (электрондық үкіметтің) https://egov.kz/cms/kk, https://www.elicense.kz/?lang=kk веб-порталы, ақпараттық жүйесі орнатылып, орман билеттері берілетін болады

Аталған ақпараттық жүйе өңірлік парк аумағында орман ресурстарын тиімді басқару, орман пайдалану процестерін цифрландыру, есепке алу мен бақылауды автоматтандыру мақсатында енгізілуде.
Осыған байланысты алдағы уақытта орман пайдалану саласына қатысты құжаттарды рәсімдеу, рұқсат беру және бақылау шаралары «АО НИТ» (электрондық үкіметтің) www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы ақпараттық жүйесі арқылы орман билетін беру электронды форматта жүзеге асырылатын болады.
Барлық орман пайдаланушылардан белгіленген талаптарды сақтауды, жүйе іске қосылғаннан кейін қажетті мәліметтерді уақтылы енгізуді және жауапты мамандармен өз-ара байланысты қамтамасыз етуді сұраймыз.
Жүйені пайдалану тәртібі мен әдістемелік нұсқаулықтар туралы қосымша ақпарат алдағы уақытта ресми сайтта жарияланатын болады.
Меркі мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің әкімшілігі.