ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ – БӘРІМІЗГЕ ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК!
Қазіргі таңда «Меркі мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» аумағында өрт қауіптілігінің жоғары және төтенше (IV–V) сыныптары қалыптасуына байланысты өрт қауіпсіздігі шаралары күшейтілді.
 (1) (1)-3d8f.png)
🔥 ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ – БӘРІМІЗГЕ ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК!
Қазіргі таңда «Меркі мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» аумағында өрт қауіптілігінің жоғары және төтенше (IV–V) сыныптары қалыптасуына байланысты өрт қауіпсіздігі шаралары күшейтілді.
Осыған орай, өңірлік парк қызметкерлері аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің өрт сөндіру қызметімен бірлесіп, мемлекеттік орман қоры аумағында өрттің алдын алу және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша тұрғындар мен табиғат пайдаланушылар арасында кең көлемді түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Түсіндіру барысында:
🔸 орман аумағында өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау;
🔸 отты тек рұқсат етілген жерлерде ғана пайдалану және оны қараусыз қалдырмау;
🔸 сөндірілмеген шоқ пен темекі тұқылын тастамау;
🔸 шыны бөтелке мен тез тұтанатын қалдықтарды орманда қалдырмау;
🔸 өрт немесе түтін байқалған жағдайда дереу тиісті қызметтерге хабарлау қажеттігі түсіндірілді.
🌿 Табиғатты қорғау – әр азаматтың ортақ борышы!
Бір сәттік салғырттық орны толмас шығынға әкелуі мүмкін. Орманды біргеқорғайық!
📞 Өрт немесе түтін байқасаңыз, дереу 101 немесе 112 нөмірінехабарласыңыз.
#МеркіӨңірлікТабиғиПаркі #ӨртҚауіпсіздігі #ОрмандыҚорғайық #ТабиғаттыҚорғайық #ӨрттіңАлдынАлу #ТЖМ